АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

102 просмотров

АБАТТАНДЫРУ МЕН КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Жалпы Түркістан тұрғындары мен қонақтарына жайлылық сыйлау үшін барлық бағыттағы абаттандыру мен көріктендіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Мәселен, қаланы жаппай жасыл аймаққа айналдырып, көгалдандыру мақсатында биыл күзде кіре беріс қақпадан бастап, басты даңғылдың өн бойын мен қаланың тұрғындар демалатын, жаяу жүретін аймақтарының барлығына 100 мыңнан астам түп ағаш отырғызылып, оларды суландыру, көгерту мақсатында 50 метр тереңдікте арнайы құдықтар қазылуда. Отырғызылған көшеттерді суландыру жүйесін тамшылатып суару тәсілімен және автоматтандырылған жүйеге қосу бойынша жұмыстар жасалуда. Себебі жаз айларында Түркістандағы аптап ыстықта отырғызылған ағаштар мен гүлдерді суарудан қиындық туындамауы керек. Ағымдағы жылы қаладағы көлік қозғалысы жиі қатынайтын О.Жарылқапов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының және Қызылорда тас жолы мен Төле би көшесінің бойындағы иригациялық арықшалар мен жарықтандыру жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жалпы алғанда соңғы 5-6 айда қала ішіндегі 20-ға жуық көшенің бойына аяқ жолдар жасалып, жарық шамдар қойылып, абаттандырылды. Және де қаладағы шағын аудан тұрғындары үшін 16 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына балалар алаңшасы, демалыс шатырлары, футбол алаңдары, аула тренажорлары мен воркауттар орналастырылды. Ал қаладағы Гаухар ана, Ш.Ниязов, Мыңбасы, Сайрам және Хандаулет, Жамбыл көшелеріне орналастырылған 130-ға жуық күн сәулесінен қуат алатын көше жарық көздері — бүгінде қоршаған ортаға зиянсыз деп танылып, экономикалық жағынан да тиімділігін көрсетіп отыр. Алдағы жылы қала көшелерін жарықтандыру мен абаттандыру жұмысы еселене түсетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *