АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

179 просмотров

АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ АВТОРЛАРЫНЫҢ БІРІ – МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Ол ең бірінші болып математикадан «Есеп құралы» деген 5 кітап шығарды. Міржақып Дулатұлын ұстаз тұтқан, азаттықты, аңсаған азаматтардың қатарында болған Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік. Ол 1917–1918 жылдары билікке келген кезде досы профессор Тайыр Шағатайға тапсырма беріп «Оян Қазақ!» кітабын түрік тіліне аударып шығарған еді. Осы кітапқа еліктеп «Оян, Түрік!» деген кітаптар да шыққан. Міржақыптың «Оян, Қазақ!» кітабы әлем елдеріне қатты әсер етті. Олардың қатарында Жапония елі де бар. Міржақып өзі де өлеңдерінде жапон ерлігін, ұлтын жырға қосқан. Соған орай кейбір азаматтар Міржақыпты өз іштерінен жапонның рухани ұстазы деп сыйлайды. Жапондар Міржақып Дулатовқа еліктеп «Оян, Жапон!» деген кітап шығарған. 1997 жылы жапон ғалымы Уямо Томохико өз тілінде Міржақыптың саяси көзқарасынаң диссертация қорғады. Міржақып Дулатов 1918 жылы қазіргі Қытайдың Шәуешек қаласына барып, қару-жарақ алған. Осы сапарында Оспан батырды көрген. Ол кезде ол бозбала шағы екен. Міржақып Оспанға бата беріп, өзінің «Оян, Қазақ!» кітабын сыйға тартқан. Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи есіміне байланысты тарихи деректерді, Абылай хан туралы тарихи мағлұматтармен қатар, халықтың аңыздарын, ақын, жыршылардың айтқанын да жақсы білетіні сүйсінерлік. Міржақыптың Қожа Ахмет Яссауи мешітінің тозып, бұзылмай, сақталуын, «мәңгіге қалуын» қажет деп санағаны, осы мәселеге арнайы тоқталып өткені-де біліктіліктің, парасаттылықтың белгісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *