АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

102 просмотров

АРДАГЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің ғимаратында ардагерлер кеңесі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң бірлесіп ұйымдастыруымен «Есiрткi iндет, күресу мiндет» ұранымен аудан ардагерлерi арасында бильярд пен шахматтан жарыс өтті. Бильярд жарысына қатысқан ардагерлердің жарыс жолындағы бәсекелері тартысты өтті. Нәтижесінде Тәңiрбердi Ағманов мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанса, бильрд спортын серік еткен Тәжiбай Мырзакелдиев пен Орынбасар Аптихаемов екiншi, үшiншi орындарды өзара бөлiстi. Ал, ойлы ойын шахмат жарысында сынға түскен ардагерлер арасында Құрбан Ештаев жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, Бұхарбай Әуезов екiншi орынға, Иса Нұрбас үшiншi орынды еншілеп жарыс жеңiмпаздары атанды. Жеңiмпаздарға аудандық денешынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Ш.Райхановтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын аудандық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Т.Бердiбеков табыстап, оларға алдағы облыстық байқауларда да жеңiске жетулерiне тiлектестiгiн бiлдiрдi. Айта кетерлігі, мұндай жарыстар ардагерлер арасында алдағы мерекелi күндерде де жүйелi өткiзiлiп тұрмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *