АРЫС ЖАҒАСЫНДА РЕТРО-ФЕСТИВАЛІНДЕ ЕЛІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ БАРЛЫҚ САЗГЕРЛЕРДІҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛАДЫ

АРЫС ЖАҒАСЫНДА РЕТРО-ФЕСТИВАЛІНДЕ ЕЛІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ БАРЛЫҚ САЗГЕРЛЕРДІҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛАДЫ

108 просмотров

АРЫС ЖАҒАСЫНДА РЕТРО-ФЕСТИВАЛІНДЕ ЕЛІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ БАРЛЫҚ САЗГЕРЛЕРДІҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛАДЫ

Түркістан облысында тоғызыншы рет «Арыс жағасында» ретро-фестивалі ұйымдастырылуда. Дәстүрлі мерекелік шараның биылғы ерекшелігі облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен өңірімізден шыққан, әндері тыңдарман жүрегінен орын алған елімізге белгілі сазгерлер шеруімен бастау алады. Аталған шара былтырғы жылы бес композитордың ғана шығармашылығын насихаттауға арналса, биыл барша сазгерлер қамтылды. Түркістан облысына ғана тән фестивальдің мақсаты- барша қазақтың мақтанышына айналған жергілікті композиторларды, өнер ұжымдары мен әншілерді дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау. Жыр кешіне ҚР Мәдениет қайраткерлері әнші-сазгер Марат Омаров, Жұбаныш Жексенұлы, Хадиша Шалабаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева, әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, Асқар Жайлаубаев, Астана Қарғабай, «Арбат», «Сарын» топтары өнер көрсетіп, жергілікті сазгерлердің халық арасында кеңінен тараған әндерін орындайды. «Арыс жағасында» ретро — фестивалі 2010 жылдан бастап Ш.Қалдаяқовтың атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келсе, биыл тұңғыш рет облыс орталығы-Түркістан қаласында қанат жайды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *