АСТАНАЛЫҚТАР «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫН ТАМАШАЛАДЫ.

АСТАНАЛЫҚТАР «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫН ТАМАШАЛАДЫ.

127 просмотров

АСТАНАЛЫҚТАР «ЭТНОАУЫЛ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫН ТАМАШАЛАДЫ.

Оңтүстік Қазақстан облысына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігін анықтау үшін кешенді тексеруге келген республикалық жұмысшы топ бүгін түс ауа Түркістан қаласында болды. Қалаға келген қонақтар әуелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне табан тіреп, содан соң «Туған жер» базалық бағдарламасы аясында Оранғай ауылдық округінде 30 соттық жерге ұйымдастырылған «Этноауыл» кешеніндегі ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жасалған іс-шараны тамашалады. Арнайы келген астаналық топтың құрамында ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Имандосов Мұрат Самұратұлы және Шайназарова Айжан Болатқызы болса, бұл топтың жұмысын үйлестіруші облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы. Қала басшысы Тәжібек Қалманұлы қонақтарға іс шараның барысы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша қалада атқарылған жұмыстардың бірқатарын атап өтті. 30 соттық жерге құрылған «Этно ауыл» кешенді жобасы ұлттық нақышта қонақтар мен туристерге қызмет көрсету үлгісін паш ететін, ұлттық тағамдармен, сусындармен қамтамасыз ететін демалыс орны болып табылады. Түркістан қаласында күн санап қатары артып келе жатқан туристерге «Этно ауыл» кешенінде ұлттық нақышта қызмет көрсетуге жағдай жасалып, бұл жобаны алдағы уақытта одан әрі дамытуға жоспарлар жасалуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *