АСТАНАНЫҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ: «КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІНДЕ СЕГІЗ ЕЛ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ЭКСПОНАТТАРЫН ҰСЫНАДЫ

АСТАНАНЫҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ: «КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІНДЕ СЕГІЗ ЕЛ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ЭКСПОНАТТАРЫН ҰСЫНАДЫ

113 просмотров

АСТАНАНЫҢ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҒЫ: «КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІНДЕ СЕГІЗ ЕЛ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙ ЭКСПОНАТТАРЫН ҰСЫНАДЫ

Кемінде 5000 адам Астанада 30 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстан елордасының жиырма жылдығына орай өтетін «Көшпенділер әлемі» атты көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестиваліне барады деп хабарлайды Aimak.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Көшпенділер әлемі» фестивалінің тұжырымдамасы 2008 жылдан бері Венгр Халық Республикасында сәтті өткізіліп келе жатқан Түркі халықтарының үлкен құрылтайы моделіне негізделеді. Әлемдегі бұл аса ірі этнографиялық іс-шара Қазақстан үшін жақсы үлгі бола алады. «Бағдарлама бірден бірнеше алаңда өтетін болады. Фестиваль аумағы бірнеше ауылға бөлінген, онда салт-дәстүр, садақ ату, ұлттық спорт түрлері, әскери өнер және қолөнермен шұғылданушылық көрсетілетін болады. Бұл шарада көрермендер өздері қатысушылар болып, ұлттық өнердің аталған түрлеріне деген сүйіспеншіліктері оянатындай түрткіге айналады деп сенеміз», — деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев. Фестиваль аясында барлығы жеті ауыл ұсынылған, онда барлық қатысам деушілер садақ атысудан жарыстарға, «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Асау», «Қазақ күресі» және басқа да ойындарға қатысып, ұлттық тамақтан дәм татып, халық шеберлерінің бірегей бұйымдарын таңдап ала алады. Қатысушылар арасында — Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Түркиядан, Украинадан, Мажарстаннан, Болгариядан, Башқұртстаннан және Якутиядан келген топтар бар, олардың әрқайсысы өз бағдарламасын ұсынбақ. «Сарбаз рухы» тарихи-патриоттық тобының директоры Әсел Әлішерова түсіндіргендей, кейбір қатысушылар өздерінің этнографиялық музей экспонаттарын әкеледі, оларды барлық келушілер көре алады. Осындай әсерлі және көріністік қойылымдардың бірі «Амазонкалардың» өнер көрсетуі болады. Бұдан өзге, көшпенділер әлеміне толыққанды ену «Арқайым» нео-этнофольк тобының, хомусист және тамақпен ән айту орындаушысы Тюргэн Каманың, «Тұран» этно-фольк тобының, «The Spirit оf Tengri» конкурсының лауреаты Юлиана Кривошапкинаның музыкалық өнер көрсетулерін қамтамасыз етеді. «Фестиваль жағдайлық туризмнің үздік мысалы болып, оның дамуына және халқымыздың салт-дәстүрінің қайта өркендеуіне ықпал ете алады», — деді Qazaq Geography халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұржан Алғашов. Н. Алғашовтың айтуынша, көшпенділер өркениеті Қазақстан даласында туындаған аса құдіретті және ежелгі өркениеттердің бірі болған. Фестиваль Қазақстан мәдениетінің және онымен байланысы бар барлық халықтардың бірлігін көрсетеді. «Көшпенділер әлемі» көшпенділер мәдениетінің халықаралық фестивалі 30 маусым мен 1 шілде аралығында «Қазанат» ипподромының аумағындағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтеді. «Көшпенділер әлемі» фестивалінің іс-шараларына барлық ниет білдірушілер тегін қатыса алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *