АУДАН ӘКІМІ МАҚТАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ МАҚТАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

85 просмотров

АУДАН ӘКІМІ МАҚТАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жерінің көлемі жағынан аудандағы ең үлкен аймақ саналатын Мақтарал ауылдық округінде болып, елді мекендердің жағдайымен танысты. Бүгінгі таңда 16 елді мекеннен тұратын округте16290 тұрғын өмір сүруде. Сонымен қатар, Мақтарал ауылдық округі ең көп ұлтты округтердің бірі. Мұнда 40-қа жуық әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Аймақта өнеркәсіп саласы жақсы дамыған. Мұнда Мақтаарал ауданының индустриалды аймағы мен логистикалық орталығы орналасқан. Одан бөлек, 42 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасап, 1252 шаруа қожалығы егістік жерлерді игеріп отыр. Мақтадан бастап бақша, көкөніс, картоп, бидай, жоңышқа, жүгері, күнбағыс, жеміс-жидек, жүзім, күріш т.б. дақылдарды өндіріп, шетелге экспорттап жатқан 42 іріленген шаруа қожалық округтің экономикасын дамытуда. Жергілікті тұрғындар мал шаруашылығын да қолға алып, бүгінгі таңда 6234 ірі қара, 778 жылқы, 5255 қой, 528 ешкі, 136 шошқа, 10241 құсты бағуда. Округте 7 мектеп, 1 колледж, 11 балабақша, 1 аурухана, 3 СВА, 6 ФАП, 1 клуб, 1 кітапхана, 3 почта бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде. Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындары негізінен көшеге асфальт төсеу мен ауыз су мәселесін көтерді. Сондай-ақ, тұрғындар елді мекендердегі кейбір ФАП ғимараттары ескіргенін, оны жаңадан салу керектігін айтты. Аудан әкімі Бақыт Асанов тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің әрбірі хаттамаға түсіп, келесі жылдың жоспарына енетінін атап өтті. (с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *