АШЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

АШЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

111 просмотров

АШЫҚ БІРІНШІЛІКТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру!» бағдарламасы аясында және елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай спорттың бірнеше түрлері бойынша аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашық біріншіліктер ұйымдастырды. Атап айтар болсақ, жасөспірімдер үстел теннисінен, тоғызқұмалақтан, волейболдан және баскетболдан жарысқа түсіп, күш сынасты. №1 БЖСМ директоры А.Сәкиев ашып берген спорттық ойындар аса тартысты да қызықты өтті. Үстел теннисінен 2003-2004 жылы туылған ұлдар және қыздар арасында өткен жарыста С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің командасына шақ келер қарсылас болған жоқ, бас жүлдені осы мектептің теннисшілері қанжығаға байласты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде жүлделі екінші орынды Ұзын ата жалпы орта мектебінің спортшылары жеңіп алса, үшінші орын Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің түлектеріне бұйырды. Дәл осы мәтінде өткен тоғызқұмалақ жарысында І орынды әдеттегідей Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары иеленсе, екінші орынды Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің тоғызқұмалақшылары еншіледі. С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебінің командасы үшінші орынды бағындырды. Баскетбол жарысы қыздар мен ұлдар арасында бөлек өткізілді. Ұлдар арасында өткен жарыста ақтық сынға С.Кәттабеков пен С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің командалары шығып, бас бәйгені еншілеу үшін барын салысты. Тартысты өткен кездесуде С.Кәттабеков мектебінің баскетболшылары бірінші орынды жеңіп алса, С.Ерубаев мектебіінң командасы екінші орынды еншіледі. Бұл жарыста үшінші орын Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің командасына бұйырды. Қыздар арасында өткен ойында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің спортшылары барлық қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ақтық сында оларға жол берген Қ.Аманжолов мектебінің №1 командасы екінші орынды иеленді. Ал, осы мектептің № 2 командасы жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Волейбол жарысы да қыздар мен ұлдар арасында екі бөлек өрбіді. Қыздар арасында өткен сайыста Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің спортшылары айқын басымдықпен І орынды бағындырып, ашық біріншілік жеңімпазы атанды. Оларға жол берген М.Әуезов мектебінің волейболшы қыздары екінші орынды бағындырса, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің спортшылары үшінші орынға табан тіреді. Ұлдар арасында өткен жарыста А.Әлімбетов мектебінің жігіттеріне шақ келер қарсылас табылмады. Олардан кейінгі екінші орынды Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Жаушықұм мектеп-лицейінің командалары иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз командаларға марапаттар тапсырылды. «Шардараспорт-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *