АЯЛЫ АЛАҚАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

АЯЛЫ АЛАҚАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

92 просмотров

АЯЛЫ АЛАҚАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Арыс қалалық мәдениет үйі мен аудандық сотының судьялары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Аялы алақан» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасы Арыс қаласындағы №1 Т.Тәжібаев атындағы отбасылық үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Сот төрағасы А.Ертаев балалар Қазақстанның болашағы екендігі, сондықтан оларды Отанды сүюге, үлкендерді құрметтеуге және төзімділік секілді құндылықтарға тәрбилеу қоғамның ортақ міндеті екендігін айтты. Өз кезегінде судья Г.Мекембай тәрбиеленушілерге ыстық ілтипатын білдірді. Судьялар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға отандық «Қажымұқан» атты анимациялық фильмді үлкен экранда тамашалауға мүмкіндік жасады. Кездесу соңында балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *