АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЛҒЫС ХАТ ИЕЛЕРІ

АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЛҒЫС ХАТ ИЕЛЕРІ

93 просмотров

АҚ ХАЛАТТЫЛАР АЛҒЫС ХАТ ИЕЛЕРІ

Бүгін ауданымызда анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің кәсіби мерекесіне арналған жиын өтті. Еркін форматта өткен басқосуда аудан әкімі Ерлан Айтаханов дәрігерлерді мерекелерімен құттықтады. «Осыдан 172 жыл бұрын, анықтап айтсақ 1846 жылдың 16 қазан күні америкалық тіс дәрігері Уильям Мортон алдына келген науқас Гилберт Эбботқа тұңғыш рет әлемдік анестезия тарихында эфирлік наркоз қолданып, мойнындағы ісікке ота жасаған болатын. Сол уақыттан бері жер шары бүкіл әлемдік анестезиолог – реанимотологтар күнін атап келеді. Өлі мен тірінің арасында бір дем әрі, бір дем бері жатқан науқасты қайта өмірге әкелетін реанимотолог дәрігерлердің еңбегі ересен. Бұл жалғаннан күдер үзген миллиондарға үміт отын сыйлап, уақытпен санаспай, Гиппократтың антына әрдайым адалдық танытып келе жатқан адам жанының арашасысы ақ халатты абзал жандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Қадірменді анестезиолог – реанимотолог дәрігерлер! Сіздерді өткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке, өздеріңізге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!» деген аудан басшысы өз ісіне адалдық танытып жүрген медицина қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады. Белгілі айтыскер ақын Дәурен Ақсақаловтың арнауынан соң жиын концерттік бағдарламаға ұласып, отырарлық өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *