БАЛАПАНДАР МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

БАЛАПАНДАР МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

119 просмотров

БАЛАПАНДАР МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әжемнің ертегісі» жобалық бағдарламасына сәйкес ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту, ойлау, қайта жаңғыртып, еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету. Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қиялдап, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, өскелең ұрпақты рухани азықпен тәрбиелеу мақсатында «Еркетай» балабақшасында «Тыңда балам ертегі — ертегі сыр шертеді» атты оқу марафоны ұйымдастырылды.Іс-шараны орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Юлдашева мен ОКЖ библиографы Н.Дауенова жүргізді. Н.Дауенова балапандарға мәнерлеп «Патшаның үш қызы», «Алтын жүрек», «Жалмауызды алдаған қыздар» ертегілерін айтып берді. Балалар өздері білетін тақпақтарды жатқа айтты. Кентау қалалық әжелер алқасының мүшелері Байтығаева Гүлсара мен Сағынбекова Айзада әжелеріміз балаларға «Шалқан», «Қызыл телпек» т.б. ертегілерді мәнерлеп айтып, сұрақтар қойып, оларды қызықтырды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Юлдашева балапандардың назарына «Ерте, ерте, ертеде…» атты ашық кітап көрмесін ұсынды. Бүлдіршіндер көптеген қызықты ертегі кітаптарды көріп, ертегілер әлеміне енді. Оқу марафоны өте қызықты өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *