БОКСТАН ШАРДАРА КУБОГЫ-2019 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БОКСТАН ШАРДАРА КУБОГЫ-2019 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

134 просмотров

БОКСТАН ШАРДАРА КУБОГЫ-2019 ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ақпан айының 01-05 күндері аралығында Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен Шардара қаласының спорт кешенінде , Бокс спортынан 2005-2006 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы «ШАРДАРА КУБОГЫ-2019» жарысы өз мәресіне жетті. «Сен тұр , мен атайын» дейтін кіл мықтылар жиналған сайыста 5 күн бойы рингтің шаңын шағарып, қан аралас тер шыққан спортшылардың арасында ең мықтылары белгілі болды. Былғары қолғап шеберлері 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында 28 келіде Бейсен Әділет — ІІІ орын, 32 келіде Ералы Нұртас — І орын, 34 келіде Оралбай Елнұр — І орын, 38 келіде Қалыбай Бекболат — ІІ орын, Жаппар Ғалымжан — ІІІ орын, 40 келіде Асубай Нұрбол — ІІ орын, 42 келіде Абдулла Абзал — ІІ орын, 44 келіде Бегімбет Шыңғысxан — І орынды жеңіп алса. 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында 30 келіде Мамыр Ғабит -І орын, 38 келіде Смағұл Мейірбек — ІІІ орын, 40 келіде Аxантай Әлишер — І орын, Лесов Азамат — ІІІ орын, 44 келіде Жайлыбай Ринат — І орын, 46 келіде Шегірбай Саxидин — ІІІ орын, 54 келіде Аxмет Нұрасыл — І орын, Айдар Олжас — ІІІ орынды абыроймен жеңіп. Жалпы есепте спортшыларымыз 7 алтын, 2 күміс, 6 қола медальға қол жеткізді. Жалпы командалықесепте 1 орынды абыроймен Шардара ауданы жеңіп алса, 2 орын Түркістан облыстық спорт мектебі, 3 орын Жетісай ауданына бұйырды. Жарыс соңында жеңімпаз спортшылар, медаль , грамоталар және кубок пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *