БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЛАРЫ ҮЙРЕТІЛУДЕ

БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЛАРЫ ҮЙРЕТІЛУДЕ

95 просмотров

БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚЫР-СЫРЛАРЫ ҮЙРЕТІЛУДЕ

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің жаңадан ашылған Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттеріне кезекті рет дәріс оқыды. Бұл дәріс мемлекеттік қызмет саласында қызметтік этика мәселелерін қамтыды. Тыңдаушылар қатарында Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданған 20 студент, осы университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтарының 3 курс студенттері болды. Іс-шара барысында Ғ.Асанұлы кәсіби мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятыны туралы айтып өтті. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған әдеп жөніндегі кеңес пен әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысына тоқталып өтті. Іс-шарада студенттер тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, мемлекеттік қызмет саласына қатысты жаңа көзқарастың қалыптасуына мүмкіндіктер алды. Дәріс соңында арнайы әзірленген бейнероликтер тыңдаушылар назарына ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *