БІР ӨЛКЕ – БІР КІТАП

БІР ӨЛКЕ – БІР КІТАП

86 просмотров

БІР ӨЛКЕ – БІР КІТАП

Үстіміздегі жылдың 9 қарашасы күні, орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №17 кәсіптік колледж жатаққанасының ғимаратында, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде, «МӘДЕНИ ДАМУ» жобасы аясында , «Бір өлке – бір кітап» акциясы барысында қазақ елінің белгілі жазушысы, әдебиет сыншысы Асқар Сүлейменов шығармаларынан «Жыл жазушысы» атты тақырыптық кеште студенттер арасында өткізіліп кеңінен насихатталды. Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан беріде Асқар Сүлейменов өз шығармашылығымен замандастарына үлкен әсер етті. Оның әдебиеті бостандыққа, тарихи тамырларды, ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтап қалуға шақырды. А.Сүлейменовтің әдеби мұрасында көптеген көркем аудармалар бар. Оның аудармалары арқылы оқырмандар Т.Карлейль, Мольер, Э.Хемингуэй, М.Булгаков, Б.Брехт, Т.Уильямс шығармаларымен таныса алатыны айтылды. Іс–шараның негізгі мақсаты «МӘДЕНИ ДАМУ» жобасы бойынша ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу, жазушының өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау. Шара барысында А.Сүлейменовтің «Бір өлке — бір кітап» акциясына таңдалған «Бесін» повесін оқырмандар арасында талдау жүргізіліп, «Ер мінезді ойшыл жан» атты жазушы шығармаларына, кітап көрмесіне шолу жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *