ВИЦЕ-МИНИСТР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ВИЦЕ-МИНИСТР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

104 просмотров

ВИЦЕ-МИНИСТР ТҮРКІСТАНДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықта Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам вице-министрi Абзал Нүкенов қалалық қоғамдық кеңес мүшелерiмен, үкiметтiк емес ұйымдармен және жастар өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Басқосуды жүргізген қала әкiмi Т.Мұсаев өңірдегіүкiметтiк емес ұйымдарының бүгiнгi жұмыс барысы және жастар саясатының жүзеге асырылуы, қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпар берді. Кездесуде ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам вице-министрi А.Нүкенов елiмiзде жастар саясатының, үкiметтiк емес және қоғамдық ұйымдардың, дiн саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңiнен тоқталды. Сонымен қатар, Елбасының Қазақстан халқына арнаған “Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi” атты Жолдауы, “Президенттiң бес әлеуметтiк бастамасы” оның iшiнде жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар туралы баяндады. Елiмiзде үкiметтiк емес ұйымдар — билiк пен халық арасындағы алтын көпiр, олардың өзiндiк даму бағыты, ұстанған мақсаты бар. Қазiргi таңда азаматтық қоғамды қалыптастырып, экологиялық, әлеуметтiк саладағы мәселелермен айналысып жүргенi көпшiлiкке аян. Қаламызда сондай белсендi қоғамдық ұйымдардың бiрқатары жоспарлы да жүйелi жұмыстар атқарып келедi. Ал, жергiлiктi қоғамдық кеңестiң негiзгi қызметi — азаматтық қоғамның мүдделерiн бiлдiру және жергiлiктi деңгейлерде шешiмдердi талқылау, жергiлiктi атқарушы органдармен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара iс-қимыл жасауын дамыту болып табылады. Жиында қалалық Қоғамдық кеңестiң төрағасы Б.Мұсабеков, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, “Түркiстан Ахмет Яссауи” орталық мешiтiнiң бас имамы, қажы О.Елеуұлы қала аумағында өздерi тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Басқосу барысында қалалық Қоғамдық кеңестiң мүшелерi Ш.Исмолдаев, Б.Бейсембаев, А.Пахриддинов келген қонаққа сұрақтар қойып, оған лайықты жауабын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *