ДИНАҒА ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ.

ДИНАҒА ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ.

160 просмотров

ДИНАҒА ДОМБЫРА СЫЙЛАДЫ.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес «Ұлттық домбыра» күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының тасырмасына сәйкес барлық облыстардың қала аудандарында «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты акция ұйымдастырылуда. Президент жарлығымен бекітілген жаңа мейрамның салтанатына орай қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев «Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра» атты мерекелік акцияның аясында 1-шілде күні алғашқы туылған сәбиге домбыра тарту етті. Қала басшысы өз кезегінде бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиге: «Тәуелсіз еліміздің кемел келешегін, жарқын болашағын жалғайтын көзі ашық, көкірегі ояу елім дейтін Отанымыздың патриотты азаматы, қасиетті қара домбыраның қоңыр үнімен тәрбиеленген рухы мықты ұлағатты ұрпағы болсын» деген ақтілегін білділсе, жас анаға перзент тәрбиесіндегі асқан жауапкершілікті арқалайтын аналық парызы үшін алғысын айтты. Тағы бір айта кетерлігі мерекелі күннің құрметіне орай кішкентай сәбиге атақты күйші Динаның есімі қойылыпты. Фото Түркістана Қаласы Әкімі Аппараты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *