ДОМАЛАҚ АНА СПЕКТАКЛІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

ДОМАЛАҚ АНА СПЕКТАКЛІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

174 просмотров

ДОМАЛАҚ АНА СПЕКТАКЛІ КӨПШІЛІКТІ ТӘНТІ ЕТТІ

Театр – халықтың айнасы. Өйткені, онда халықтың өткен-кеткен тарихы да, мұңы да, қуаныш-қайғысы да, қоғамның зары да, назы да жанды көрсетіледі. Оны көрсетіп жатқан әртіс болсын мейлі, ол дәл осы сахнада, қойылым ішінде бір сәтке болсын өзін ұмытып, кейіпкердің кебін киеді, ол жүрген жолмен жүреді. Міне, осынысымен де театр жанды, тартымды, шынайы. Жасандылық театрға жүрмейді. Жүректен шыққан жан ашуы да, сезім сыры да, көңіл көкжиегі де көз алдыңда көрініс беретін қойылым — көрерменнің жандүниесін баурайды, жіпсіз байлайды. Сондықтан да ол құдіретті, киелі. Кешегі мерейтойдың бағдарламасына еніп, аудандық Мәдениет үйін-де Шаян халық театры сахналаған жазушы, дра-матург Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» пъесасы көрерменнің көңілінен шықты, рухани азық сый-лады. Домалақ ана – шын есімі Нұрила қазақ тари-хындағы әйел образының ерекшесі. Ол ерекшелік Домалақ ананың әулие-лігінде, сәуегейлігінде, ақылымен елдің анасы болған даналығында. Спектакльде Нұрила ананың осы қасиеттері кеңірек бейнеленген. Қойылымда Бәйдібек биді – Бағдат Юсупов, Домалақ ананы – Гүлзина Шорабекова, Бәйдібек бидің бәйбішесі Марауды – Бақыт Оспанова, екінші әйелі Зеріпті – Айжан Жүсіпбекова, рухты – Ғалия Масаурова сомдады. Актерлердің өнері, пъесадағы тағлымды сөздер, орайын келтіріп, қоғам дертін қозғаған қойылымның шешімі бәрі-бәрі көрерменді серпілтіп, ой қозғады. Әсіресе, Бәйдібектің бәйбішесі Марауды сомдаған Бақыт Оспанованың актерлік шеберлігіне жиналған жұртшылық дән риза болысты. Ананың қадір-қасиетін асқақтатып, қызғаныш пен зұлымдық, аңғал батырлық, адалдық пен арамдық арпалысқан қойылымда жамандықтың зардабы болатыны, жақсылықтың қашанда жеңетінін шығарма желісі тағы бір мәрте көрсетті, тағы бір мәрте аңғартты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *