ЕГІН НАУҚАНЫН БАСТАП КЕТКЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР 900 ГЕКТАРҒА ҚЫРЫҚҚАБАТ ОТЫРҒЫЗБАҚ

ЕГІН НАУҚАНЫН БАСТАП КЕТКЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР 900 ГЕКТАРҒА ҚЫРЫҚҚАБАТ ОТЫРҒЫЗБАҚ

129 просмотров

ЕГІН НАУҚАНЫН БАСТАП КЕТКЕН ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР 900 ГЕКТАРҒА ҚЫРЫҚҚАБАТ ОТЫРҒЫЗБАҚ

Биыл Жетісай ауданында 900 гектарға жуық жерге қырыққабат егіледі. Қазірдің өзінде жетісайлық шаруалар 80 гектар егістікке ерте пісетін қырыққабат отырғызып үлгерді. Бұл туралы жексенбі күні өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. Алдымен аудан әкімі Атамекен елдімекеніндегі қырыққабат егіп жатқан «Тазабай» шаруа қожалығының егістік алқабына атбасын бұрды. Аталған қожалық 5 гектар жерге 100 мың қырыққабат көшетін отырғызып жатыр екен. Қазіргі таңда егістік алқабында 100-ге жуық адам еңбек етуде. Олардың әрқайсысына күндігіне 1500 теңгеден еңбекақы төленуде. Шаруа қожалығының мүшесі Құттыбек Шабаевтың айтуынша, бүгін егілген қырыққабат ауа-райы қолайлы болып жатса, сәуір айының алғашқы 10 күндігінде пісіп жетіледі. Өндірілген өнімнің басым бөлігі көрші Ресей нарығына жөнелтілетін болады. Атамекен ауыл округінің әкімі Ерболат Раевтың айтуынша, биыл округ шарулары 250 гектар жерге қырыққабат, 110 гектарға көкөніс, 950 гектарға бақша өнімдерін отырғызбақ. Ерте егілетін қырыққабат көшеттері негізінен аудандағы парниктер мен жылыжайларда өндірілуде. Бұған дейін көшеттер көрші Өзбекстан мен Сарыағаш өңірінен тасымалданатын. Алайда олардың сапасы көбінде сын көтермей жататын. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жетісайлық шаруалар көшет өндіру ісіне аса ден қоя бастады. Мәселен, Абай ауыл округінде орналасқан «Еркебай» шаруа қожалығы 30 соттық жерге жылыжай орнатып, бүгінде ондағы көшеттер санын 1 млн данадан асырып отыр. Ал жалпы аудандағы жылыжайларда қырыққабат, қарбыз, қауын, балгар бұрышы, баклажан өнімдерінің 5 миллионға жуық көшеті өсірілуде. «Еркебай» шаруа қожалығының жұмысымен танысқан аудан басшысы жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында мемлекеттік жеңілдетілген несие мен көмектерді алуға шақырды. «Ауданымызда биыл 14 мың 900 гектарға бақша өнімдері егілетін болады. Нақтырақ айтсақ, 9047 гектарға қауын, 5852 гектарға қарбыз егу жоспарлануда. Оның ішінде ерте егілетін қауын көлемі 6300, қарбыз 4200 гектарды құрайды. Сондықтан диқандардың көшетке деген сұранысы күн сана артып отыр. Осыны ескеріп, барлық ауыл округтерінде көшет әзірлеумен айналысатын қожалықтардың қатары да жыл санап көбейіп келеді», — деді Жамантай Қанайұлы. Негізінен шаруалар қауынның «Жиенбай», «Бакинка», «Валет», «Мырзашөл», қарбыздың «Долви», «Талисман», «Холлер» сорттарын егуді жоспарлап отыр. Ал қырыққабаттың «Магнус», «Фарао», «Рима» және тағы басқа да сорттарына сұраныс мол. Бұдан бөлек, ауданда биыл 3500 гектарға көкөніс өнімдері егілетін болады. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *