ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

158 просмотров

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Арнаулы Кәсіптік Колледж студенттерінің қаламыздағы кәсіби әншілермен тәжірибе алмасу, халық әндерін насихаттау, сонымен қатар ән өнеріне деген қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету мақсатында қалалық «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жүректерге жол тапқан — ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ән байқауы өтті… Халық әндерін орындау барысында тақырыпқа сай көріністер қойылып, бейнеклиптер көрсетілді. Сонымен қатар, әр жұп арнайы «Жұлдыздар» шайханасында қонақ болып, қойылған қызықты сұрақтарға жауап беріп көрермендердің қошеметіне бөленді. Тартысқа толы болған байқауда сегіз жұп өнер көрсетті. БАС ЖҮЛДЕНІ колледждің «есепші» мамандығының 2-курс студенті Жанысбай Олжас пен қаламыздың әнші-актрисасы Джолдасова Ақмарал жеңіп алды. Е-31 тобынан Дәулетов Әділжан мен Әбілханова Айжан, О-10 тобынан Тастанов Қажыгелді мен Сабыр Балымша 1 орынды иемденді. Жүлделі 2 орынмен Т-19 тобының намысын қорғаған Мырзабекова Гүлмайдан мен Құлтасов Рақымжан, Е-33 тобынан Уматулла Ернұр мен Серікбаев Асанәлі марапатталды. Ал, жүлделі 3 орынға О-12 тобынан Қуаныш Диана мен Әріпхан Қуаныш, Т-18 тобынан Жораханова Ақжарқын мен Саурова Айгерім және О-11 тобынан Жарылқасын Ерасыл мен Дүйсенбиева Гүлнұр ие болды. Сонымен қатар, қалалық «мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Малика Мақсұтқызы сөз алып, Арнаулы кәсіптік колледж басшылығына Байболова Ақнұр Нұралықызының атынан арнайы алғыс хаттар табыстады. Арнаулы Кәсіптік Колледжнің директоры Аяпбергенова Роза Мұратқызы барлық ұйымдастырушыларға, қатысушы кәсіби әншілерге алғысын білдіріп арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Байқау соңында барлық жұп бірлесе «Екі Жұлдыз» әнін шырқады. Бұл байқау енді жылда дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *