ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ- ЕЛ ҚОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ- ЕЛ ҚОЛДАУЫ

95 просмотров

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ- ЕЛ ҚОЛДАУЫ

Жетісай аудандық орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттау мақсатында «Елбасы Жолдауы- ел қолдауы» атты жиын өткізілді. Жиынға кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты. Жиында кітапхананың бөлім меңгерушілері Жолдауға қатысты ой-пікірлерін білдірді. Ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Г.Мұсабекова, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Садыбекова, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ш.Дәуренбекова, кітапхананың басшы орынбасары Н.Тобағабылова жеке ой-пікірлерін ортаға салды. Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы П.Тажибаева Елбасы Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтіп, Жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, оны жүзеге асыруға әрбір кітапханашы өз еңбегімен, өз қызметімен үлесін қосатындарына сенім білдірді. «Жолдау – ел дамуына салынған дара жол» атты баяндамамен аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Назира Шоматова Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен баяндап берді. Келесі сөз алған Жетісай аудандық мамандандырылған «Дарын» интернат КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеков Жанибек Кошанович жыл сайын жарық көретін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына Жолдауын асыға күтеміз. Себебі әрбір Жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін әсері зор. Болашағымыз жастардың қолында екенін және жастарды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту әрине мұғалімдер екенін атап өтті. Жолдауда көрсетілген 6 басымдықты атқаруға өз үлесімізді қосуға шақырамын — деп сөзін қорытындылады. Жиын барысында сөз сөйлеушілер Жолдауда көрсетілген маңызды бөлімдер бойынша өз ойларын ортаға салды, сондай-ақ оның қарапайым халық үшін тиімді жақтарына тоқтала отырып, Елбасы Жолдауында айтылып кеткен міндеттер мен мақсаттарды ойдағыдай жүзеге асыру, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктеу екенін де сөзге тиек етті. Жиынды кітапхананың басшы орынбасары Н.Тобағабылова қорытындылап, айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, кітапхана қызметкерлері Елбасының Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *