ЕЛДІКТІҢ МЕРЕКЕСІ «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА» ҰЛЫҚТАЛДЫ

ЕЛДІКТІҢ МЕРЕКЕСІ «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА» ҰЛЫҚТАЛДЫ

119 просмотров

ЕЛДІКТІҢ МЕРЕКЕСІ «РӘМІЗДЕР АЛАҢЫНДА» ҰЛЫҚТАЛДЫ

Кеше елдіктің мерекесі Рәміздер күні «Рәміздер алаңында» кең көлемде аталып өтті. 4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің 26 жылдығына арналған мерекелік шараға қаланың зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары белсенді жастар мен студенттер және қала тұрғындары қатысты. Шара барысында сөз алған шаһар басшысы Т.Мұсаев және қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев жиналған көпшілікке құттықтау лебіздерін жеткізіп, бірнеше қала белсенділеріне алғыс хаттар тапсырды. «Көк туымыз, Әнұранымыз бен Елтаңбамыз елдігіміздің айғағы. Мемлекеттік Рәміздерге құрмет көрсету, оны қастерлеу барлығымыздың азаматтық парызымыз. Еліміздің мәртебесі биік болып, Көк туымыз желбіреп, Әнұранымыз шарықтай берсін», — деп жүрекжарды құттықтауын жолдаған қала әкім Т.Мұсаев айтулы шара көрсеткіш үшін ғана емес, отанға деген құрметтің артуына сеп болатындай мақсатта ұйымдастырылуы керектігін атап өтті. Аталған күнге орай мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық жанрдағы әндер шырқап, «Жас ұландар» хор ұжымы әуелетіп ән салса, Абай атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымының «Қасиетті рәміздер — елдігіміздің нышаны» тақырыбындағы кітап көрмесі шараға әр бергендей. Осылайша жиналғандарға қала жастарының флешмоб биі де мерекелік күнге тарту болғандай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *