ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

121 просмотров

ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТ

Жуырда аудандық «Қоғамдық келісім» КММ және аудандық «Әлеуметтік психологиялық — сүйемелдеу ортылығының» ұйымдастыруымен, Ділдабеков ауылдық округінің «Жаңа дала» ЖОМ-інде 10-11 сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында, кездесу болып өтті. Жиынға, аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Есенбеков.А, аудандық «Әлеуметтік психалогилық сүйемелдеу орталығының» сектор меңгерушісі Мутаев.Н, жергілікті учаскелік полиция инспекторы және психолог мамандар қатысты. Жиында, құқықбұзушылықтарды алдын алу, этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында әңгіме қозғалды. Мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналыс ұйымдастырушыларымен қызу пікір алмасты. Жиын соңында, мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *