КЕНТАУ: ӘКІМ НАҚТЫ ІСКЕ БЕТ БҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

КЕНТАУ: ӘКІМ НАҚТЫ ІСКЕ БЕТ БҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

41 просмотров

КЕНТАУ: ӘКІМ НАҚТЫ ІСКЕ БЕТ БҰРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Кентау қаласы әкімінің төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Әкімдік мәжілісіне қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппаратының басшысы, қала әкімі аппаратының бөлім басшылары, дербес бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғаш болып, Кентау қалалық емханасының бас дәрігері А.Ақшалов «Кентау қаласы бойынша 2018 жылы денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарының қорытындысын» баяндады. Келесі, «2018 жылдың қорытындысымен Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы» И.Азизбаев мәлімет беріп өтті. Кеңейтілген мәжіліс соңында баяндамашыларға сұрақтар қойылды. Мәжілісті қорытындылаған қала әкімі Ғани Рысбеков денсаулық сақтау саласында нақты шараларды күшейту қажеттігін және шаһарымыздың дамуы жолында жұмысты одан ары жандандыру керектігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *