ЖАНЫММЕН КӨРІП, ЖҮРЕГІММЕН СЕЗІНЕМІН...

ЖАНЫММЕН КӨРІП, ЖҮРЕГІММЕН СЕЗІНЕМІН…

120 просмотров

ЖАНЫММЕН КӨРІП, ЖҮРЕГІММЕН СЕЗІНЕМІН...

Бүгін Жетісай ауданы Асықата кентінде 13 қараша Халықаралық зағиптар күні мерекесіне орай «Жаныммен көріп, жүрегіммен сезінемін» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, аудандық Зағиптар қоғамдық бастауыш ұйымының төрағасы Бақтияр Сары және ауданымыздағы 150-ге жуық зағип жандар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында өңір басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оның ішінде зағип жандарға қаржылай көмек қолын созып жүрген бір топ кәсіпкерлерге алғыс хат табыс етті. «Бүгінгі таңда елімізде зағип жандарға мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетіліп келеді. Өйткені, зағип жандар барлық азаматпен теңдей және еш кедергісіз көмек алуға құқылы. Сондықтан біз Сіздерге деген қолдау, қамқорлығымызды қолдан келгенше аямаймыз», — деді Жамантай Қанайұлы. Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 148 зағип жан тұрады. Олардың бәрі дерлік аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекет тарапынан берілетін көмектерді дер кезінде алып отыр. Бұл жөнінде аталған бөлімнің басшысы Әділхан Әбжанов тілге тиек етті. Сондай-ақ, шара барысында Жетісай аудандық Зағиптар қоғамдық ұйымының төрағасы Бақтияр Сары жыл бойы атқарылған жұмыстарын баяндап, жиналғандарға есеп берді. Оның айтуынша, өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен зағип жандарға 548 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліпті. Шара соңы мерекелік концертке ұласты. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *