ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БІР КҮНІ

ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БІР КҮНІ

73 просмотров

ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БІР КҮНІ

Ағымдағы жылғы 7 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Жастар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс шараның өзектілігі — мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына Департаменттің бір күндік жұмысымен таныстыру және мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндік ұсыну. Бір күндік тәжірибе өту барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, Департаменттің негізгі өкілеттіктерімен және мемлекеттік қызмет бағыттары бойынша жұмыстармен танысты. Тәжірибе алмасу барысында болашақ мемлекеттік қызметшілерден қойылған сұрақтарға Департамент қызметкерлері практикалық тұрғыда жауаптар берді. Тәжірибеден өткен жастар осы іс-шараны ұйымдастырған және мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен танысу мүмкіндігін берген Департамент басшылығына өз алғыстарын Елбасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатына жету барысында алғашқы кезекте болашақ мемлекеттік қызметшілердің іргетасын қалау мақсатына ұмтылу» керектігі жайында айтқан қанатты сөзімен жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *