ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

92 просмотров

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Түлкібас ауданы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түіндіру топтарының 2018 жылғы екінші жартыжылдығындағы кестеге сәйкес «Діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі» тақырыбында кездесу болып өтті. Т.Рысқұлов ауылында аудандық «Түлкібас» агробизнес және саяхат колледж студенттері және қызметкерлерімен «діни экстремизм және терроризм» тақырыбында кездесу болып өтті. Іс-шараға ауданың бас имамы Р.Ерменбаев және колледж директорының тәрбие–ісі жөніндегі орынбасары М.Игенбаев, аудандық ішкі саясат бөлімнің қызметкері қатысты. Іс-шара мақсаты – қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қауіпін келтірер залалын ашып түсіндіру. аудан көлемінде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету. Қатысушыларға жиын барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берілді. Ауданымызда кереғар ағымдардан сақтандыру мақсатында бас имам Р.Ерменбаев ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, сөз соңында діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан аумағында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *