
Жақында Созақ ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесіне орай осы аудан әкімінің жүлдесі үшін аудандық, қалалық жастар р嬬су¬рстық орталығы КММ-нің қызметкерлері арасында кіші фут¬¬болдан облыстық турнир өтті. Іс-шараның мақсаты аудандық, қалалық орталықтың жас ма¬ман¬дары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бо¬латын. Турнирді облыстық от¬басы, балалар мен жастар ісі жөнін¬¬дегі басқарманың басшысы Б.Нар¬¬б嬬кова ашып, барлық қатысушы ко¬мандаларға сәттілік тіледі. Тартысты өткен бәсеке бары¬сында өз аймағының намысын қорғаған жас мамандардың сайы¬сында үшінші орын ауданымыз¬дың жастар ресурстық орталығы КММ-нің қызметкерлеріне бұ¬йырса, жүлделі екінші орынды сарыағаштық жастар жеңіп алды. Облыстық отбасы, бала¬лар мен жастар ісі жөніндегі басқармବсының құрамасы жарыс жеңімпазы атанды. Жарыс соңында облыстық жас¬тар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Б.Дүйсебеков же¬ңімпаз атанған командаларға ку¬боктар мен алғыс хаттарды жә¬не ұйы쬬дастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар¬ды тапсырды. Сайысқа қатысқан командалар шараның жоғары дең¬гейде ұйымдастырылғанын ай¬тып, қонақжайлылық танытқан сыр¬¬лы Созақ жастарына шынайы алғыстарын жеткізіп жатты. Ғалымжан СӘРСЕКОВ.