ЖАУЛЫҒЫМНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙДІМ

ЖАУЛЫҒЫМНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙДІМ

76 просмотров

ЖАУЛЫҒЫМНЫҢ ҰШЫНА ЖҰПАР ТҮЙДІМ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы-драматург, тарихшы Еркінбек Тұрысов және Бекет Тұрғараев, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалыұлы, Баян Тіленшина, Сәрсен-Бек Сахабат сынды зиялы қауым өкілдері ақынның шабытты шығармашылығы жолындағы ел үлгі алар, келешекке танымды, тәлімді із салар істері жөнінде ой бөлісті. Оңтүстіктен жұлдыздай жарқырай шығып, дүйім ел алдында қара сөздің қадірі мен қасиетін орамды ой, өткір де шырайлы тілмен тыңдарман жүрегіне жеткізіп, қоғамға қозғау салар сардар сөзді терген ақынның шәкірттері Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, Дәурен Ақсақаловтар ұстаздарына жырдан шашу шашып, қазіргі таңда ұстаздан үлгі алған шәкірттер ұстазға айналып, жаңа буынның өнер жауқазындарын жайқалтуға күш салып жатқандықтарын да жеткізді. Рухани мәнге толы мәдени шараны қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова жүргізді. Кеш аясында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды. Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суретті түсірген: Асхат Әссанди

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *