ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗЫН, ЖАҚСЫНЫҢ ҚОЛЫ ҰЗЫН

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗЫН, ЖАҚСЫНЫҢ ҚОЛЫ ҰЗЫН

145 просмотров

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ҰЗЫН, ЖАҚСЫНЫҢ ҚОЛЫ ҰЗЫН

Бүгінде Жетісай ауданында 2 мүгедек балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Екі орталықта да мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Соның бірі — Асықата кентінде орналасқан «Мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың 12 сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Аталған мекемеде түрлі мерекелер қарсаңында қайырымдылық іс-шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады. Сондай іс-шараның бірі жаңа жыл қарсаңында өткізілді. Шараға қатысқан Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә. Әбжанов балаларды жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтап, сыйлықтар табыс етті. «Қош келдің, Жаңа — жыл» атты мерекеге Асықата өңірінің құрметті азаматы Жарылқасын Сакенов, «Жетісай ауданының мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ – нің директоры Серікбай Ерімбетов, мерекелік іс – шараны ашып беріп, мүмкіндігі шектеулі балаларымызға құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыс етті. Сондай-ақ, осы іс-шараны өткізуге атсалысқан барлық демеушілерге және Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарына үлкен алғыстарын білдірді. Аталған шараға заттай қолғабыс жасаған демеушілерге Жетісай ауданы әкімі Ж.Бейсенбаевтың, Жетісай ауданының маслихат хатшысы А. Утановтың, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Абжановтың атынан алғыс хаттары табыс етілді. «Жеңіс» мектеп- гимназиясының оқушылары болса, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты. Балалар мен олардың ата-аналары осы іс-шараның өткізілуіне демеушілік көрсеткен азаматтарға және мекеме қызметкерлеріне алғыстарын айтып ризашылықтарын білдіріп тарасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *