ЖАҢА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ВЕДОМОСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАҢА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ВЕДОМОСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

102 просмотров

ЖАҢА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ВЕДОМОСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ғ.Асанұлының төрағалық етуімен Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының /әрі қарай — Жұмыс тобы/ алғашқы отырысы болып өтті. Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері, Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы, аудан, қала әкімі аппараттарының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары қатысты. Жиынның мақсаты — жаңадан құрылған топ құрамын және Ережесімен таныстыру, сондай-ақ, Ордабасы ауданының прокуратурасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету бағытында атқарылған жұмыстарына жасалған қорытындысын кеңінен талқылау. Жұмыс тобының төрағасы Ғ.Асанұлы орын алған кемшіліктерді қызмет атқару барысында болдырмау мақсатында тиісті мекемелермен көрсетілген сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттардың берілу заңдылығына мониторинг жүргізіп, нақты ұсыныстар беру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, отырыста жұмыс тобының мүшелері пікір алмасып, көрсетілетін қызмет түрлерін барынша электронды түрде алу қажеттігін нақтылады. Жиын соңында қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануды арттыру жұмыстарын жандандыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *