ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

58 просмотров

ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Шардарада биылғы жылдың басында желкенді қайық спортты ашылып, жұмысын бастағаны жөнінде хабарланған болатын. Аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған жаңа спорт түрінен білікті бапкерлер Е.Кеңесов пен И.Данилов есімді мамандар желкенді қайық секциясына қатысушы жасөспірімдерді жаттықтыра бастаған. Көп ұзамай айдын шалқар бетінде желкенін жел кернеген қайықпен жүзушілер қатары бірден көбейіп сала берді. Кеңес үкіметі тұсында қанат жайып, кейін жұмысын тоқтатқан желкенді қайық спортына осылайша қайтадан жан бітіп еді. Тәжірибелі бапкерлерден тәлім алып жүрген шардаралық спортшылар аз уақыт ішінде бұл өнерді шеберлікпен игеріп, тәп-тәуір нәтиже көрсете бастады. Қазан айының алғашқы онкүндігінде Қапшағай қаласында ұйымдастырылған желкенді қайық спортына Түркістан облысының құрама сапында Шардара ауданының спортшылары да қатысып, бақ сынап келді. Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларынан жиналған мықтылар ішінде жерлесіміз, Шардара қаласындағы М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Владимир Чевричкин барлық сыннан сүрінбей өтіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Теңіз жағасында туып-өскен Володя желкенді қайықпен желдей жүйтки отырып, өте үздік нәтиже көрсетті. Ашылғанына әлі бір жыл да толмаған желкенді қайық спортынан осылайша алғашқы чемпион шықты. Бұл да болса қажымас қайрат пен ел игілігі жолындағы еселі еңбектің нәтижесі болса керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *