ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

54 просмотров

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

2018 жылдың 2 қарашасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен Ордабасы ауданында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Жиынға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым басшылары, білім беру саласының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Елбасының жақында жарияланған Жолдау бағыттары, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету, Әдеп кодексінің талаптары мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. Жиын барысында Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселелеріне ерекше тоқталып пен онымен белсенді күрес жалғасатынын жеткізді. Алайда, жемқорлықтың алдын алу бағытында өңірімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан Ордабасы ауданы биылғы жылдың 10 айындағы көрсеткішпен облыста жемқорлық деңгейі жоғары аудан екендігі туралы сын-пікірлер жиі айтылып келеді. Сондықтан, бүгінгі кездесуде айтылғандардан қорытынды шығаруды, күн тәртібінде қаралған мәселе сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету және бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Іс-шарада келесі сөз алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы А.Әліш жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталып өтті. Жиын соңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде өз қызметін жеке бас пайдасына қолданып пара алып ұсталған шенеуніктермен, мектептерге жұмысқа орналасу үшін пара алып ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер де көрсетілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *