ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

107 просмотров

Ақтау қаласында армрестлинг спортынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін VI Халық спорты ойындары болып өтті. Осынау дүбірлі додаға шардаралық спортшылар да қатысып, жерлестеріміз Шымкент қаласның және Түркістан облысының атынан бақ сынап қайтты. Аға жаттықтырушы Нұржан Төреқұлов, Сейфулла Нұрхалықов және Бақдәулет Тұрманов сынды білікті мамандар мен өз ісінің нағыз шеберлері бастап барған жерлестеріміз өте тартысты өткен бәсекеде жеңіске жетіп, абыройымызды асқақтатты. Еліміздің барлық облыс, қалаларынан жиналған айтулы сайыста командалық есепте 1 орынды Шымкент қаласы, 2 орынды Түркістан облысы, 3 орынды Алматы қаласының командалары иеленді. Халық спорты ойындарында жеңіске жеткен шардаралық спортшыларды атап өтсек. 60 келі салмақта I орынды Рүстембек Талғатбек(Шымкент қ), II орынды Өсербай Қыдыр (Түркістан облысы), III орынды Әбсаттар Дәурен (Түркістан облысы) иеленсе, 70 келі салмақта I орынды Айдарxан Нұрдәулет (Түркістан облысы), II орынды Әбілда Ержан (Шымкент қ), III орынды Қадір Нұрдәулет (Түркістан облысы) иеленді. Сол сияқты, 80 келі салмақта I орынды Шәмиев Мағжан (Шымкент қ), II орынды Ақтаев Талғат (Түркістан облысы), 90 келі салмақта I орынды Қарсыбаев Ғалымжан (Шымкент қ), 100 келі салмақта I орынды Оңғарбаев Қыдырғали (Шымкент қ), 100 келіден жоғары салмақта II орынды Құттымұратов Медет(Шымкент қ) сынды даңқты палуандарымыз жеңіп алды. Батыс облыста бақтары жанған спортшыларымызды тамаша табыстарымен құттықтай отырып, алдағы Түркия елінің Анталия қаласында өтетін Әлем чемпионатында да ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектеспіз! «Шардараспорт-ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *