ЖЕТІСАЙДА ҚАРЖЫГЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА ҚАРЖЫГЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

67 просмотров

ЖЕТІСАЙДА ҚАРЖЫГЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Жетісай ауданында Қаржыгерлер күні мерекесі кең көлемде аталып өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серікбай Пірімбеков және аудан, қала, кент, ауыл округтеріндегі мемлекеттік мекемелердің қаржы қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында аудан әкімі қаржыгерлерді төл мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. « Ертең 15 қарашада экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлайды. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз — теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен тығыз байланысты. Құрметті қаржыгерлер! Аудан жұртшылығының атынан ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының, облыстың, ауданның қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспін!», — деді Жамантай Қанайұлы. Жиын барысында аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев бір топ қаржыгерлерді төл теңгеміздің 25 жылдық мерейтойына арналған арнайы төсбелгімен марапаттады. Сондай-ақ, өз атынан 20 шақты қаржы саласының үздік қызметкерлеріне алғыс табыс етіп, сый –сияпат жасады. Айта кетейік, Жетісай ауданында 2018 жылдың 1 қарашасына 3 855 893,0 мың теңге иегеру жоспарланса, орындалғаны 90,9 пайызды құрады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *