ЖЕТІСАЙДА 2018 ЖЫЛЫ 43 МЫҢ ТОННА СҮТ ӨНДІРІЛДІ

ЖЕТІСАЙДА 2018 ЖЫЛЫ 43 МЫҢ ТОННА СҮТ ӨНДІРІЛДІ

92 просмотров

ЖЕТІСАЙДА 2018 ЖЫЛЫ 43 МЫҢ ТОННА СҮТ ӨНДІРІЛДІ

Өз алдына қайта отау тіккен Жетісай ауданында жетістіктер жетерлік. Өнеркәсібі өркендеп, отандық өндірісі өркен жайып келеді. Мұнда әсіресе сүт өнімдерін өңдеу жұмыстары қарқынды. Жетісай ауданында негізінен егін шаруашылығы жақсы дамыған.Мал шаруашылығында да екпінді тірліктер баршылық.Әсіресе, асыл тұқымды ірі қара ұстаған қожалықтардың табысы қомақты.Қорадағы мал саны 46 мыңға жеткен.Сауын сиырлар саны 25 мыңнан асыпты. Соның арқасында өткен жылы ауданда 43 мың тонна сүт өндіріліпті. Жетісай ауданында сүт өнімдерін өңдейтін екі өндіріс орны жұмыс істейді.Соның бірі жаңа жыл қарсаңында Сәтбаев елді мекенінде іске қосылды. «Медет» шаруа қожалығына қарасты өндіріс орны Түркияның озық технологиясымен жабдықталған. Тәулігіне 20 тона сүт өңдеуге қауқарлы. Ал, Асық Ата кентіндегі «Ақ алтын-Береке» атты өндіріс орны 2008 жылдан бері жұмыс істейді.Күніне 2 тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуге мүмкіндігі бар.Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін 5 тоннаға жеткізіп, ел ырысын еселей түспек. С.ҚҰТТЫБAЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *