ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН БАЛЫҚ АУЛАУ САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН БАЛЫҚ АУЛАУ САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

69 просмотров

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН БАЛЫҚ АУЛАУ САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2018 жылдың 20-21 қазан күндері аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар арасында балық аулау спортына деген қызығушылықты арттыру, әуесқой балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасуын және балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Шарадара су қоймасының жағалауында «Балық аулау — ғанибет, қармақ салу — қабілет» атты балық аулау сайысы өтті. Ақтық сайысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 30-ға жуық команда мен 100-ге жуық балықшы қатысты. Балық аулау сайысы өте тартысқа толы болды. Ауа-райы қолайлы болғанымен қармаққа балық аз ілінді. Мамандар бұған күннің бірден суығаны себеп болды деп отыр. Соған қарамастан командалар 24 сағат бойы жарыстың көркін қыздырды. Алғашқы балық 20 қазан күні түнгі сағат 22:00 шамасында қармаққа ілінді. Бұл жолы аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған «Батыл» командасы алғашқы балықты ұстаған болатын. Екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Нұрлы әлем» командасы қанжығасына байлады. Таңғы 5-тер шамасында 3 ірі балық ұстаған командаға балық аулау құралдары мен 30 мың теңге табыс етілді. Екінші орынды аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған «Батыл» командасы иеленді. Жүлдегер командаға 25 мың теңге мен аулауға қажетті құрал-саймандар табысталды. Ал үшінші орынды Сарыағаштан арнайы келген «Алтын балық» командасына бұйырды. Бұл командаға 20 мың теңге мен құрал-сайман табыс етілді. Қалған қатысушы командалар белсене қатысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, аталған жарысқа «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Жетісай аудандық бөлімінің басшысы Алладин Мырзаханов 100 мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік жасады. Тартысты өткен жарыс алдағы жылдары да өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *