ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

93 просмотров

ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Келес ауданының Абай ауылындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы бойынша жиын болып өтті. Жиынды Келес ауданының әкімі А.Есбаев ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, лектор Ж.Абишев, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Сарсенов, Өзбек мәдени бірлестігінің мүшесі Т.Халматовқа жолдауға байланысты баяндамалын жасады. Сондай-ақ жиында аудан жастарының атынан аудандық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Э.Бектаевқа беріліп, пікір алмасып, сұрақ-жауап тыңдалып, сөз түйіндемесін облыстық маслихат депутаты Ж.Ағабеков жасады. Жиында сөз алған Ақментай Үсенұлы – Ел тұрғындарының сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екенін айта келе, жолдаудағы алға қойылған міндеттерді орындап, халыққа дұрыс насихаттау керектігін ескертіп, осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға өз рахметін айтып, жиынды аяқтады. (с) Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *