ЖУРНАЛИСТЕР ТҮРКІСТАНДА БАС ҚОСТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ТҮРКІСТАНДА БАС ҚОСТЫ

94 просмотров

ЖУРНАЛИСТЕР ТҮРКІСТАНДА БАС ҚОСТЫ

Кіші футболдан «Жаңарған Түркістан» атауымен БАҚ өкілдерінің арасында өрбитін республикалық турнирге қатысуға ниет білдірген журналистер Түркістанға табан тіреді. Алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаған төртінші билік өкілдері Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановтың бейітіне барып, рухына Құран бағыштады. Келесі кезекте Б.Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы XVIII Халықаралық турниріне куә болған тілшілер қауымы “Отырар” ықшам ауданындағы құрылыс алаңындағы қызу жұмыстармен де танысты. Пресс-турмен Ордабасы, Отырар аудандарындағы бірнеше шаруа қожалығында болған журналистер ертең, яғни 5-сәуір күні қаламыздағы «Астана» спорт кешенінде теңбіл топ аламанында атой салмақ. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және СҚО, БҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысының құрама командалары жүлделі орындарды сарапқа салады. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтетін сайыстың жүлде қорына қаржылай сый-сияпаттар табысталмақ. Нақтырақ, бірінші орынға — 500 мың, екінші орынға – 300 мың, үшінші орын үшін — 150 мың теңге.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *