ЖЫЛҚЫ ҰСТАП, ЖАЯ ЖЕГІЗГЕН

ЖЫЛҚЫ ҰСТАП, ЖАЯ ЖЕГІЗГЕН

74 просмотров

ЖЫЛҚЫ ҰСТАП, ЖАЯ ЖЕГІЗГЕН

Түркістан облысы Жетісай ауданында жылқы басы 8 778-ге жетті. Ауданда жайылым жердің тарлығына қарамастан шаруалар жылқы басын көбейтудің өзіндік есебін тауып отыр. Солардың бірі – Мақталы ауыл округі Жайлаукөл елдімекеніндегі «С-Тастаната» шаруа қожалығы. Бүгінде қожалық қорасында 50 бас жылқы бордақылануда. Қожалық төрағасы Совет Мұсаевтың бұл кәсіпке бет бұрғанына 7-8 жылдың жүзі болыпты. Қазіргі таңда «С-Тастаната» шаруа қожалығында 60-қа жуық жылқы бар. Мал басын одан әрі көбейтуге ауылдағы үйіргелік жерлердің кадастрлық нөмерінің жоқтығы қолбайлау болып отыр екен. «Жылқы санын жыл санап арттырып, тіпті 100-ден асырып жіберуге болады. Алайда шекара іргесінде орналасқан ауылымызда жайылымдық жер жоқ. Оның үстіне, үйіргелік жеріміздің кадастрлық нөмері әлі күнге берілмей отыр. Егер аудан, ауыл әкімдіктері үйіргелік жерімізді картаға енгізіп, заңдастырып берсе, жылына 100 шақты жылқыны бордақылап, ауданымызды жылқы етімен қамтамасыз етіп отыруға шамамыз жетеді», — дейді Совет Тастанұлы. Бұдан бөлек, мұнда құны 45 млн теңгеге пара-пар 5 көкпар аты бапталуда. «Көкпар атын ұстау — менің хоббиім» ,- дейді Совет Тастанұлы. Мәселен, оңтүстік жұртына «Ракета» лақапатымен танымал тұлпары түркіменнің «Ақалтеке» тұқымымен бодандастырылған екен. 6 жасар айғыр бүгінде оңтүстік жеріндегі үлкен көкпарларда олжа салып жүр. «Бұл тұлпарым жуырда ғана үлкен көкпардан олжалы оралды. Қазіргі таңда бабы мен бағы қатар жанып жүр. «Сат» деп жатқандардың қатары күн санап артуда. Мен бұл тұлпарымды 10 млн теңге ұсынса да сатпаймын»,- дейді қожалық төрағасы. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *