ЖӘДІГЕРЛЕР БҮЛДІРШІНДЕР ҰҒЫМЫНДА ТІЛ ҚАТТЫ

ЖӘДІГЕРЛЕР БҮЛДІРШІНДЕР ҰҒЫМЫНДА ТІЛ ҚАТТЫ

114 просмотров

ЖӘДІГЕРЛЕР БҮЛДІРШІНДЕР ҰҒЫМЫНДА ТІЛ ҚАТТЫ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында әртүрлі топтағы бүлдіршіндер, мектеп оқушыларымен тығыз байланыс орнатып, ел тарихын саналарына сіңіру мақсатында іс-шараларды бірлесе өткізуге күш салуда. Жуырда Түркістан қаласындағы «Адина Әмина» балабақшасының бүлдіршіндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде қонақ болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, музей экспозициясын тамашалады. Қорық-музей қызметкерлерінің түсіндіру шеберліктеріне, бала жүрегіне жол таба білгендігіне разы болған балабақша ұстаздары қорық-музей қызметкерлеріне зор алғыстарын жаудырып, «Ата-бабалар мұрасы мен өткен тарихымызды, ұлттық руханиятымызды насихаттау жолындағы әріптестік қарым-қатынасымыз одан әрі дами береді» — деп сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *