КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІН ТҮРКІСТАНДА ӨТКІЗДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІН ТҮРКІСТАНДА ӨТКІЗДІ

35 просмотров

КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІН ТҮРКІСТАНДА ӨТКІЗДІ

Түркістан қаласының облыс орталығы аталуына орай аталмыш қаланың орталығындағы «Есімхан» алаңында Келес ауданы өнерпаздарының «Түркістанға сәлем!» концерттік бағдарламасы өтті. Мерекелік шараға ауданның 50-ден аса өнерпазы театрландырылған қойылым мен түрлі ән-биі арқылы өңіріміздің жаңа тарихи белесін дәріптесе, қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесі Келестің келелі келбеті мен түркі жұрты бас иген Ясауи салған ізгі жолды насихаттады. Концерттік бағдарламаға қазақ эстрадасының жұлдызы, белгілі әнші Сержанәлі Әлібек қатысып ән арқылы құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар облыс басшысының бастамасымен қолға алынып отырған жобаның көпшілікке берер рухани маңызы зор деп есептейді. Және де алғаш рет мәдени шараны ұйымдастырып отырған Келес ауданының өнерпаздары облыс орталығы – қасиетті Түркістан қаласынан үлкен әсер алғанын жеткізді. Айта кетерлігі, кнер кешіне қатысқан Түркістан қаласының қонақтары мен тұрғындары жаңадан құрылған ауданның айтулы шарасына ризашылықтарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *