КЕНТАУЛЫҚТАР АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

КЕНТАУЛЫҚТАР АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

97 просмотров

КЕНТАУЛЫҚТАР АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Алғашқы сөзді алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев «Астана күні — бір қаланың ғана мейрамы емес, бүкіл ел болып атап өтетін жалпыхалықтық мереке. Себебі, Қазақ Елінің тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуы, сынақтардан сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсуі, бәрі еліміздің бас ордасымен тығыз байланысты» деп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бір қатар сала мамандарын Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шарада шырқалған әуендер мен мың бұралған билер әсем Елордамыз Астанаға арналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *