КЕНТАУ: АНАҒА ҚҰРМЕТ-БАРШАҒА МІНДЕТ

КЕНТАУ: АНАҒА ҚҰРМЕТ-БАРШАҒА МІНДЕТ

86 просмотров

КЕНТАУ: АНАҒА ҚҰРМЕТ-БАРШАҒА МІНДЕТ

Қала әкімі Ғани Рысбеков, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев 9-наурыз күні 90 жасқа толған қаламыздың тұрғыны Қанымкүл Бекмырзақызын мерейтойымен арнайы құттықтап қайтты. Қала әкімі Ғ.Құрмашұлы «Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы 3 ұл, 5 қыз жетілдірген, олардан 25 немере, 36 шөбере сүйген көпбалалы ана ретінде құрметтейміз!. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді бастауыш сынып мұғалімі, білікті педагог деңгейіне көтерді. Білім саласында атқарған жұмысыңыз орасан зор. Қоғам игілігіне бағыттап, шәкірт тәрбиелеген еңбегіңіз еселі»,- деп ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, көпжасаған анамызға сый-сыяпатын табыс етті. Ал, құрметке бөленген анамыз алғысын айтып, қонақтарға ақ батасын берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *