КЕНТАУ: ЕСІМІ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ, ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕРЛЕРДІҢ

КЕНТАУ: ЕСІМІ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ, ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕРЛЕРДІҢ

100 просмотров

КЕНТАУ: ЕСІМІ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ, ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕРЛЕРДІҢ

Кентау қаласының С.Қожанов атындағы саябағында, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Есімі мәңгі өшпейді, елім деп өткен ерлердің» атты еске алу және гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара Ауған соғысы ардагерлерін құрметпен күтіп алудан бастау алды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен 150ге жуық жерлестеріміз қазіргі уақытта қаламыздың дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген нағыз азаматтар. Бүгінгі бейбіт өмірде біздер, Ауған соғысы жауынгерлері ардагерлеріне, ұлдары қаза тапқан ата-аналарға, олардың отбасына аса құрметпен қарап, қамқорлық көрсетуіміз керек. Бұл — біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан, аталған іс-шараның маңызы тереңде деді,- қала әкімі Ғани Рысбеков. 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, талай боздақтарды ажал құштырған сұрапыл соғыс бүгінгі ардагерлердің мәңгілік жадында. Сол үшінде ардагерлерге қала әкімінің алғыс хаты тапсырылды. Патриоттық өлең шумақтары оқылып, әндер шырқалды. Қиын болсада, өте ауыр өткен күннің естеліктері айтылды. Жастайынан өмірден өткен боздақтарымызға құран бағышталып, ескерткіштеріне тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Отан үшін қанды майданда шайқасқан ардагерлеріміздің ерлігі мәңгі ұмытылмайды. Бүгінгі айтулы күнде сіздерге және отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз. Жастарға отансүйгіштік сезім ұялатуда осындай игі шаралар әлі де болса жалғасын таба бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *