КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

86 просмотров

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: ЖЕТКІНШЕК ТӘРБИЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы болып өтті. Алқалы жиынға қала әкімі Ғ.Рысбеков, қала прокуроры Т.Сейдуалиев, қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Балабиев, ардагерлер ұйымының мүшелері, қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары, аталған комиссия мүшелері, арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен мектеп директорлары, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар комитеттері қатысты. Күн тәртібінде білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік пен зорлық-зомбылық турасында сөз қозғалды. Сонымен қатар, ҚБББ-нің басшысы Ә.Әуелбеков пен Кентау қаласы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ-ның аға инспекторы Ж.Ахметов шаһарымыздағы білім мекемелеріндегі құқық бұзушылықтың алдын — алу мақсатында 2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. «Бала тәрбиесінде ата-ана, мектеп, қоғам болып жұмыла іске кірісу керек» -деп жиынды қорытындылаған қала әкімі сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан ашық пікір алмасып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Алдағы уақытта тоқсан сайын комиссияның кеңейтілген отырысы өткізіліп отыратындығы айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *