КОНСУЛЬТАТИВТІ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ЖҰМЫС БАСТАДЫ

КОНСУЛЬТАТИВТІ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ЖҰМЫС БАСТАДЫ

183 просмотров

КОНСУЛЬТАТИВТІ-КЕҢЕСШІ ОРГАН ЖҰМЫС БАСТАДЫ

Түркістан облысы полиция департаменті жанындағы консультативті-кеңесші орган ішкі істер органдарындағы тәртіп пен құқықтық тәртіпті күшейту, олардың беделін арттыру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу барысында қызмет атқармақ. Осы аталған мәселелер төңірегінде өз құзыретіне қарай ықпал жасауды жүзеге асыратын консультативті-кеңесші орган өткен жұмада өз жұмысын бастады. Қоғамдағы полиция қызметінің рөлін арттыру мен осы саланың қызмет нормасын жетілдіруді көздеген орган мүшелері алдағы уақытта полиция қызметкерлерінің қоғаммен байланысын да назарда ұстап жария етіп тұратын болады. Ендеше, Түркістан облысы полиция департаменті жанындағы консультативті-кеңесші орган төрағасы және мүшелерімен таныс болыңыздар. Ортақ кесімге сай ТО «Еңбек және Ұлы Отан соғыс ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары, ҚР Ішкі істер Министрлігінің құрметті ардагері Нұржанов Есалы Мамбетәліұлы төрағалық ететін орган құрамында ТО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов, ТО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов, облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ТО Ішкі істер органы мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ішкі істер органының ардагері Оспанқазы Жанқожаев, облыстық «ОҢТҮСТІК» телеарнасының Түркістан қаласы қосынының жетекшісі Мақсұт Айтжанов, қалалық «Түркістан» газетінің директор-редакторы Мәлік Дәулетов, «Түркістан тұмарым» газетінің бас редакторы Асан Оспан, ТО ПД КСБ бастығы, полиция подполковнигі Мақсат Асқаров, ТО ПД КСБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрғали Болсыновтар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *