КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ ҮШІН

КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ ҮШІН

93 просмотров

КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ ҮШІН

Биыл Темірлан елді мекенін газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелері мен жеткізуші желілерінің құрылысына қаржы қаралып, мердігер «НС Люкс» ЖШС-мен 15.03.2018 жылы №22 келісім шарт түзілген. Қазіргі таңға 63,6 шақырым полиэтилен құбырлары салынып ескерту желісі мен ескерту лентасы төселіп көмілді және 8,6 шақырым темір құбырларын дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажымұхан, Көктөбе, Боралдай, Қызылсеңгір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Облыстық салалық басқармаға құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсынылды. Облыстық бюджеттен Амангелді, Ынталы, Батырата елді мекендеріне жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, Төрткүл, Қарақұм, Бөген, Жеңіс ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттарына аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. 32 елді мекенді (Қараспан а/о – 13 елді мекені, Төрткөл а/о – 9 елді мекені, Шұбар а/о – 6 елді мекені және Кемер, Шұбарсу, Бірлік, Жамбыл елді мекендері) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді, енді жобалау-сметалық құжаттарын дайындау үшін қаржы қарастырылып, жобалаушы мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Қалған 8 елді мекенді (Бадам, Ордабасы, Ақбұлақ, Дербес, Қарабастау, Мамыр, Дихан, Қалаш) табиғи газбен қамтамасыз ету үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *