КӨКТЕМГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

КӨКТЕМГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

102 просмотров

КӨКТЕМГІ ЕГІН НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде ауыл округтеріндегі игерусіз жатқан егістік жердердің тізімдері жасалып, иелері анықталу үстінде. Осы мақсаттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу қажет. Сондай-ақ, егістік жерлерді көктемгі егінге дайындау да ерекше қарқын алу тиіс. Бүгін бұл туралы аппараттың кезекті отырысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. Аппарат отырысында негізінен 3 мәселе қаралды. Соның бірі – ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерусіз жатқан егістік жерлерді түгендеу болатын. Екінші мәселе – көктемгі егін жұмыстарына дайындық. Нақтырақ айтсақ, жер айдау, сор шаю, палу алу жұмыстарының барысы талқыланды. Үшінші мәселе – аудандағы көгалдандыру, абаттандыру шараларының қарқыны. Аталған мәселелер бойынша жиынды қорытқан аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалу мерзімдері бекітілді. (с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *