«МАҚТААРАЛ» ЧЕМПИОН!

«МАҚТААРАЛ» ЧЕМПИОН!

104 просмотров

«МАҚТААРАЛ» ЧЕМПИОН!

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Қазақстан Республикасы біріншілігіндегі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасында болған жарыста республика чемпионы атанған «Мақтаарал» командасының жасөспірім футболшыларын қабылдады. «Бүгін шын жүрекпен қуанып отырмын. Ауылдан шыққан балалар облыстық деңгейдегі командаларды жеңіп, чемпион атанып отыр. Бұл біздің ауданымызда еліміздің намысын қорғай алатын, болашағы мықты футбол клубтарында ойын көрсететін жас ұрпақтың өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Сіздердің жеңістеріңіз киелі Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерей тойына зор тарту болып отыр. Осы қарқындарыңыздан таймаңыздар!» — деді Бақыт Нәсірханұлы. Жүрек жарды тілегін арнаған аудан әкімі Б.Асанов ең үздік жартылай қорғаушы атанған Даниял Түлендиев пен 14 гол салып ең үздік ойыншы атанған Мағжан Темірәліге өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, командалық ойында үздік нәтижеге қол жеткізгендері үшін «Мақтаарал» командасының әрбір ойыншысын марапаттап, команданың трейнеріне алғыс хат табыстады. Чемпиондық кубокты қолдарына алған команда ойыншылары аудан басшысына футболға деген қолдауы үшін алғыстарын айтып, аудан футболын бұдан да биік деңгейге жеткізу жайында ұсыныстарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *