МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

40 просмотров

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында этнос жастарының форумы өтті. Оған мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері және облыстық ассамблея құрылымдары, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, жастар қанаты мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шараны ашқан Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Мадина Камеденова мемлекеттік тіл – этносаралық келісімді нығайтудың негізгі факторларының бірі екендігін айтып өтіп, іс-шараның мақсатын кең көлемде түсіндіріп өтті. Елбасы биылғы жылды жастарға арнағандығын жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жандана түсетіндігін жеткізді. Ал, корей этномәдени бірлестігінің жанындағы Жастар қанатының мүшесі, 1 курс студенті Сабина Пак «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деп сөз сабақтады. — Тіл Тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмайды. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде» деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерін аямай, еңбек ету ғана қалды – деді. Форумда Өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Рустам Саттаров, Түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Фериде Ейбова татулықты ту еткен өңірдегі этнос өкілдері түркі әлемінің жаңа рухани орталығы Түркістанды дамытуға бар күш жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *